География мамандығының студенттері Республикалық студенттер олимпиадасында екінші орын алды.

 

 

Аида Нұржанова, Нұрхат Назымбеков және Айша Әділбекова жетекшілері Шынар Қайыровамен бірге «Ақылды қалалар» жобасын қорғап, оны Қазақстанда енгізу туралы айтты.

Жүргізілген зерттеу негізінде Павлодар қаласының абаттандырылуын жақсарту бағытындағы ұсыныстарын жеткізді. «Туризм» мамандығы бойынша ІІ халықаралық олимпиадада команда күміс жүлдеге ие болды.

Дина Әлімова, Арина Киселева, Малика Джанаргалиева Ғалымбек Ажаевтың бастамасымен Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның үздік 27 командасының үштігіне енді.