Торайғыров университеті базасында "Тарих"  бағыты бойынша пәндік олимпиада аяқталды.

 

2020 жылы «Ertis generation» командасы Республикалық студенттік сайыста жеңіске жеткеннен кейін ЖОО оны өз аумағында өткізу құқығына ие болды.

Пәндік олимпиада жеңімпазы болып Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ  «Күлтегін» командасы атанды (жеке есепте - Алишер Алдонгаров).

Қазылар алқасының шешімі бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ашина» (жеке есепте - Усенкул Шынгыс) және М. Утемисов атындағы Батыс Қазақстан университетінің  «Ақжайық жастары» командалары күміс жүлдені (жеке есепте - Ермекулы Баглан) иеленді. 

Құрметті үшінші орынды Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ өкілдері – «Бөкетов ұландары» (жеке есепте - Раахад Ислам), Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Тәуелсіздік ұландары» командасы (жеке есепте - Еламан Нурланов) және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Түркістан» командасы (жеке есепте - Ермекулы Баглан) бөлді.