ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Торайғыров университетінде болды.

Ведомство басшысы оқу орнының материалдық-техникалық базасымен және ғылыми жобалармен танысты.

Панорамалы бетперделер, рекуператорлар мен виар бағдарламалар назарға ілікті. Қос тарап құтқарушылар үшін ғылыми әзірлемелердің ауқымын кеңейту жөнінде келісті.

Жұмыс сапары ТЖД мамандары студенттерді табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларын үйрететін азаматтық қорғаныс кабинетінде жалғасын тапты.

Студенттер Қызыл Жарты ай ұйымының белсенділерімен бірге зардап шеккендерге дәрігерлік көмекке дейінгі әрекет ету, зардап шеккенді тасымалдау, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану бойынша шеберліктерін көрсетті.