Торайғыров университетінің студенттері Нұрсұлтан Назарбаев шәкіртақысының иегерлері атанды.

 

«Экономика» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» кафедрасының студенттері Стефани Радченко  мен Ғалия Шамшинова жыл сайынғы байқауда жақсы көрсеткішке қол жеткізді.

Стипендия академиялық үлгерім бойынша үздік көрсеткіштерге ие болған, сонымен қатар, ғылым мен қоғамдық жұмыста белсенді жастарға тағайындалады.