Колледжді тәмамдаған қазақстандықтар жоғары білімді ҰБТ-ны тапсырмай-ақ ала алады.

«Үміткерлер әңгімелесуден өтеді және туыстас мамандықтар бойынша оқи алады. Тек ақылы негізде», - дейді Торайғыров университетінің жауапты хатшысы Тамара Биль.

«Бұл мен үшін тамаша мүмкіндік. Мен колледжді оқыдым және мамандығым бойынша білімімді жалғастырғым келеді.  Менің ойымша, университет ойлаудың жаңа стилін қалыптастырады және білім алуға итермелейді. Біз қорықпауымыз керек», - дейді «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» бағытының түлегі Арман Бекжанов.