Торайғыров университетінің студенттері «Машина жасау» мамандығы бойынша өткен республикалық пәндік олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды.

Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің жастары 3D модельдеу бойынша кәсіби шеберліктерін паш етіп, машина жасау саласының мамандықтары бойынша тапсырмаларды орындауда қарсыластарына дес бермеді. Шараға 200-ден астам жас қатысты.

Т.ғ.к. профессор Жанар Мусинаның жетекшілігімен Руслан Тілеуқабылов пен Олжас Қайырбай екінші орынға, ал Әсет Қайырқанов үшінші орын тұғырынан көрінді.