Toraighyrov University-де «Мәдениеттану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада аяқталды.

«Абай – ұлттық болмыстың үлгісі» атты жарыс төрт кезеңде өтті.

Алты жоғары оқу орнының студенттері «Бір актер театры» форматында командаларын таныстырып, Абай шығармаларын орындап, ақынның мерейтойын мерекелеудің креативті идеясын қорғап, ұлттық өзін-өзі сәйкестендіру, тұлғааралық қарым-қатынас және қазіргі Қазақстан мәдениетінің басқа да мәселелерін шешудегі өз шешімдерін ұсынды.

Ойшылдың шығармашылығын жаңа түсіндіруді қатысушылар квест-ойындар мен «Abai Party» призмасы арқылы қарастыруды ұсынды.

Қазылар алқасының жұмысына ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Р. Омаров атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі Талғат Кәрімов қатысты.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «SLED» командасы пәндік олимпиаданың жеңімпазы атанды.

Қазылар алқасы мүшелерінің пікірінше, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Culture studies – Go» және Toraighyrov University-дің «Маданият» командасы күміс жүлдегерлер атанды.

Құрметті үшінші орынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Лашын» командасы, Құрлық әскерлері Әскери институтының «Азамат» және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Ұлағат» командалары бөлісті.