Университет студенттері Әділет Шаймұхамедов, Татьяна Потапова мен Көркем Әбілқасым жоғары оқу орындары арасындағы пәндік олимпиадада үшінші жалпыкомандалық орынға ие болды.

«Автоматизация және басқару» мамандығы бойынша қашықтықта өткен форматтағы жарысқа 13 университеттің студенттері қатысты.

Әділет Шаймұхамедов жеке есепте күміс жүлдені жеңіп алды.

Олимпиада екі кезең бойынша өрбіді. Бірінші кезеңде студенттері электр техникасының теориялық негіздері, атвоматты реттеудің желілік және желілік емес пәндері бойынша тапсырмаларды орындады. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 10 үздік қатысушы анықталды. Олармен әңгімелесі ұйымдастырылды, оның барысында студенттер конкурстық тапсырмаларды орындау барысы туралы айтып берді.

Айта кетейік, бұл жарыс студенттер мен олардың жетекшілері Лалита Кириченко мен Әлібек Анарбаев үшін жақсы тәжірибе болды.