Торайғыров университетінде пластик пен макулатура жинау шаралары жалғасын табуда.

Бүгінде қағаз қалдықтарының 1 тоннасы мен 235 келісі қайта өңдеуге тапсырылды.

«Тромен» ЖШС-і бұл қалдықтардан экомақта жасайды. 100 келі қағаз бір ағашты құтқаратыны белгілі. Бұл мәліметтерге сүйенсек, университет 12 ағашты сақтап қалды.