Toraighyrov University делегациясы Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ-да жұмыс сапарымен болды.

Сапар мұражай мен ғылыми-өндірістік кешенге барудан басталды. Кездесу B-to-B форматында жалғасты, онда қызметкерлер университеттің қалай өмір сүріп жатқанын, жай-күйін айтып кетті.

ЖОО басшылары 2012 жылғы шартқа қосымша келісім жасап, қол қойды. Бірнеше жыл бойы жазбаша жұмыстарды өзара тексеру, ғылыми қызметте, сондай-ақ мамандарды дайындауда тәжірибе алмасу жүзеге асырылып келеді.

ШҚО-ның экологиялық мониторингтегі, су тасқынын бағалау мен болжаудағы ғылыми тәжірибесі, егіншілік технологиясы Павлодар өңірінде де қолданылуы мүмкін.