«Өз өзіңмен кездесу» – «La vie добро» еркітілер жасағы және университет психологтарының ұзақмерзімді жобаларының бірі.

Ерекше балалардың ата-аналарына тегін психологиялық қызмет көрсетіліп, күйзелістен кейін оңалту бойынша тренингтер өткізіледі.

Психолог және докторант Самал Антикееваның айтуынша, бала трәбиесіне бар өмірін арнаған аналар үшін өз өздеріне көңід бөлу қиынға соғады.

«Олар күш-жігерлері мен қаражаттарының барлығын оңалту шараларына жұмсайды. Ал өз өзіне сенімді және өз өзін жақсы көретін ана ғана қоршаған ортаға таза маххабатын сыйлай алады», - дейді маман.

Аналар шараға балаларын да алып келді. Оларға еріктілер көмек көрсетіп, балалармен бірге ойнады. Аналар үшін, сонымен қатар, визажист курстары мен мараме бойынша курстар ұсынылды.

Ата-аналар психологиялық тренингте болға кезде балалары оларға 8 наурызға ашық хаттар әзірлеп үлгерді.