Торайғыров университетінің кәсіподақ ұйымы шаңғы жарыстарына әуес қызметкерлер үшін спорт ардагері Михаил Воркуновты еске алу мақсатында дәстүрлі «Денсаулық күнін» ұйымдастырды.

Командалық спринтке университеттің қызметкерлері мен оқытушылары студенттермен қатар шықты.

Ерлер арасындағы жеке жарыста үздік уақытта Юрий Шелепов көрсетті. Көрсеткіш - 4 минут 20 секунд.

Ал әйелдер арасында Рената Ерфеева үздік атанды. Көрсеткіші - 5 минут 43 секунд.

1 000 метрлік қашықтықта күміс жүлдеге Зинаида Дмитриева және Владимир Рындин ие болды. Ал қола жүлде Гүлжан Аманова мен Александр Следюкке бұйырды.