Мектеп директорлары мен кафедра меңгерушілері магистр немесе PhD ғылыми деңгейін алу мүмкіндіктері, «ToU Junior» дағдылар мектебінің жұмысына қатысу және мұғалімдерді кәсіпкерлікке оқыту мәселелерін дөңгелек үстел басында талқылады.

Облыстық білім беру және ғылым жұмыскерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлбарам Науразбаева педагогтардың мәртебесін арттыруға жағдайлар жасау, магистратурада оқып жүрген мұғалімдерді қолдау тақырыбын қозғады.

Мұғалімдердің еңбегін төлеу өзгерістері туралы Павлодар облыстық білім беру басқармасы экономика және жоспарлау бөлімінің директоры Гүлнар Калимжанова айтып берді.