«Атамекен» ҰКП отандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламары бойынша тәуелсіз баға берді. Сарапшылар білім беру сапасының бизнес саласының қажеттілігіне қаншалықты сәйкес екенін бағалады.

Нәтижесінде «Машина жасау», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Шетел филологиясы» мамандықтары рейтингтің көш басынан орын алды.

Машина жасау және құрылыс факультеттерә үздік үштіктің қатарында: «Кәсіби білім беру», «Металлургия», «Көлік, көліктік техника және технологиялар», «Құрылыс».

100-ден астам қазақстандық оқу орындарының 2000 білім беру бағдарламасы сарапқа салынды. 700 сарапшы 6000 сараптамалық қорытынды жасады.