Сессия уақыты жақындады, кезеңдік бақылау қорытындылары шығарылды. Демек, "Досикті құтқару" жаңа геотактикалық ойынын ойнайтын уақыт та келді.

Жаңартылған квестке 50 адамнан құралған топ қатысты. Олардың қатарында профессорлық-оқытушылық құрам, қызметкерлер болды. Мамандар балаларын да ала келді.

Олар интерактивті тапсырмаларды орындады. Ойыншылардың бірі 24 бонус-қойманы босатып, тәттілерге қарық болды.

Енді осындай көрсеткіштермен келесі президенттік сынақты сәтті тапсыратынымызға күмән жоқ.