Toraighyrov University Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында Толеранттылық аумағы атты дөңгелек үстел өтті.

Пікірталас алаңына облыстық ҚХА-ның сарапшылары, ғалымдар, болгар этномәдени бірлестігінің төрайымы Валентина Шатова, ағылшын тілі оқытушысы Сили Андрея Линн, сонымен қатар, оқу орнының магистранттары қатысты.

Қатысушылар Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани байлығы негізінде толеранттылықты қалыптастыру мәселесі төңірегінде әңгіме өрбітті. Университеттің ҚХА кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д. Сәуле Мамытова және PhD докторы, қауымдастырылған профессор Салтанат Әубәкірова өз баяндамамаларын Қазақстан халқының мәдениетіндегі толеранттылық мәдениеті және әлеуметтік-мәдени феномен тақырыбына арнады. Шара соңында қатысушылар төзімділік бейбітшілік пен келісім, иентеграция және сананы модернизациялау бағытындағы маңызды фактор деген байламға келді.

Еске салсақ, Халықаралық толеранттылық күні ЮНЕСКО-ның бастамасымен 1995 жылдан бері аталып келеді. Оның басты мақсаты - ұлтаралық келісім және құрмет идеясын тарату.