«Қазақстанның еріктілер лигасы» республикалық қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова Toraighyrov University студенттеріне қозғалыстың толыққанды мүшесі болуға шақырды.

Белсенділер ағылшын, неміс және қытай тілдері курстарын тегін өткізеді, аумақтарды көгалдандырумен айналысады.

Еріктілер институты атқаратын жұмыс түрлері сан алуан. Ал бұл кездесу жастарға жаңа жобалар мен идеяларды талқылап, жетістіктермен бөлісуге зор мүмкіндік туғызды.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жыл еліміздегі еріктілер қозғалысын қолдау жылы болып жарияланды.

Осыған байланысты ғылыми кеңестің шешімімен университеттің әр оқытушысы, қызметкері мен студенті аптасына 4 сағатын осы тектес жобаларды жүзеге асыруға жұмсайды.

Мәселен, қоғамдық акцияларды өткізу мен ұйымдастыру, ақпараттарды тарату сияқты шаралармен айналысады. Еріктілер тәжірибесі жұмысқа қабылдау барысында ескерілетін болады. Айта кетейік, бүгінде жоғары оқу орнында еріктілер мектебі жұмыс істейді.