26 тамызда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы шеңберінде жарық көрген оқулықтардың тұсауы кесілді.

Академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасының қорына шетелдік авторлардың қазақ тіліне аударылған 47 оқулығымен толықты. Енді студенттері әлемнің үздік үлгілерін оқу мүмкіндігіне ие.

Жоба шеңберінде басылып шығарылған оқулықтар профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер арасында жоғары сұранысқа ие.

Еске салсақ, жаңа оқулықтарды "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде Ұлттық аудармалар бюросы әзірлеген.