Өткен демалыс күндері С. Торайғыров атындағы ПМУ мен «Life education» арасында «Физмат десант» бағдарламасы шеңберінде серіктестік жөніндегі келісімшарт пен сертификатқа қол қойылды.

Алдағы жарты жыл ішінде «Математика» мамандығының студенттері мен түлектері білімдерін молайту мүмкіндігіне ие болады.

Оқу үрдісі үздік білім беру бағдарламалары бойынша үздік жаттықтырушылардың қатысуымен тегін өткізіледі. Жастар, сонымен қатар, кәсіпкерлік бойынша базалық білім алу мүмкіндігіне ие. Оқу барысында олар ай сайын 100 000 теңге көлемінде шәкіртақы алады.

Студенттер стажировкадан сәтті өткен соң ҚР-ның ұлттық компанияларына еңбек етуге ұсынылады.

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Нұрлыбек Испуловтың айтуынша, бүгінде екі факультет түлегі стажировкаға кірісті.