С. Торайғыров атындағы ПМУ-де Erasmus Days шеңберінде ашық есіктер күні өтті.

Erasmus+ бағдарламасы, халықаралық несиелік мобильділік пен жоғары білім беру саласының әлеуетін арттыру туралы бағдарламаның қатысушылары айтып берді.

Бұл шараға тікелей қосылымның көмегімен Чехияда оқып жүрген ПМУ студенттері де қатысты. Жастар тәжірибелерімен бөлісіп, бағдарламаның мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Айта кетейік, университетте Эразмус+ бағдарламасының өзге де жобаралы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласында магистрлік бағдарламалардың интернационалдандыру, жылуэнергетикалық жүйелер бойынша университеттік оқытуды жетілдіру.