Идеяңыз бар, бірақ оны қалай жүзеге асыруды білмейсіз бе?

ПМУ магистранттары мен студенттеріне бұл сауалға жауап табуға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары көмектесті.

Мамандар қолданыстағы мемелкеттік бағдарламалар мен агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бағытталған шаралар туралы айтып берді.

Студенттер «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобаларына қызығушылық танытты. Бағдарламалар 100 және 200 АЕК (252 және 505 мың теңге) көлемінде қайтарымсыз грант беріп, жобаларға был жыл бойы қолдау көрсетуге арналған.

Айта кетейік, 2020 жылдың қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үш жылға кіріс салығынан босатылады.