С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті орындаушылық өнер кафедрасының оқытушылары мен студенттік филармонияның өнерпаздары көзі нашар көретін және зағип жандарға арналған облыстық мамандандырылған кітапханада концерт ұйымдастырды.

Өнерпаздар ерекше қауымның алдында ән шырқады. Қазақтың ұлттық аспаптары домбыра, қобыздың сүйемелдеуімен әндер шырқалды. Кітапхананың іші әуенге толды. Өнерсүйер қауым әндерді бірге шырқап, би де биледі.

«Көптеген адамдар зағип жандардың физикалық тұрғыдан кем деп есептейді. Дегенмен, зағип және көзі нашар көретін адамдарды көріп, бұны ерекшелік деп қабылдайсың. Біздің оқырмандар - дарынды азаматтар, Олар ансамбльдерде ән шырқады, өлең жазады. Кітапханада «Зағиптардің әлемін көріңіз» деген акция бар. Келесі жылы шараны өткізіп тұрғанымызға 10 жыл толады», - дейді облыстың кітапхана директорының орынбасары Ляззат Амантаева.