Сыған, Армашка, Суперадам, Құбыжық және Мигель - «Ertis» футбол клубының ойыншылары ПМУ-де жанкүйерлерімен кездесті. Кездесу бір демде өтті.

Қонақтар өткір сұрақтарға жауап беріп, әзілдеуге де уақыт тапты. Қыздар жағы ойыншылардың отбасылық жағдайы туралы сұраса, ер азаматтар сутболшылардың жаттығулары мен хоббилері туралы сұрақтарны жаудырды.

Спортшылар «сахна сыртындағы» құпиялары туралы айтып, ойын алдындағы ұстанатын дәстүрлері туралы әңгіме өрбітті.

«Мен командаға келгенде тобымызда екі Руслан есімді ойыншы болды. Сол үшін қысқа есім ойлап табу керек еді. Мен Минги есімін ұсындым, себебі Чехияда ойыншылар мені солай атайтын. Жаттығулардың бірінше Фонсека маған «Мигель! Мигель!» деп үн қатты. Жаңа есімім осылай пайда болды», - дейді ойыншы Руслан Мингазов.

Кездесу барысында футболшылар демалатын орындары мен ас мәзірлері туралы да айтып берді.