С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетік университетінің «La Vie Добро» еріктілер жасаға кезекті қайырымдылық экологиялық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Осы жолы 90-шы жылдардағы хиттер шырқалып, тәтті тағамдар саудаланды.

Студенттер дәмді тоқаштар әзірлеп, қайырымдылық жәрмеңкесіне келгендерге жеміс-жидек пен сусындар ұсынды. Келушілер демеушілер өткізген ұтыс ойынына қатысып, көңіл-күйлерін көтерді. Жәрмеңке экологиялық бағытта өткізілгендіктен, өзімен бірге бос пластикалық бөтелке әкелгендерге сауда барысында 10%-дық жеңілдік жасалды. Сатылған өнімдердің барлығы қағаз орамаға салынды.

Еріктілердің жұмысы нәтиже берді. Жәрмеңке барысында жиналған 80 мың теңге «Альрами» клуб үйі мен «Сердца Павлодара» қоғамдық қорына тарту етілетін болды.