Германиядағы аға сарапшылар Қызметінің үш өкілі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер мен магистранттарына семинар, шеберлік сағаттарын өткізді.

Клаус Раше, Йоахим Хельдберг және Дирк Генрих Андрезен сәулет және дизайн, үдерістеді атвоматтандыру жүйелері және ағылшын тілін оқыту әдістемесі тақырыптары бойынша дәрістер курсын оқыды.

Еске салсақ, дәріскерлердің дәстүрлі сапары С. Торайғыров атындағы ПМУ мен «Senior Experten Service» неміс қызметі арасындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылды.