С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде қарттар күні мерекемі күні еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен оқу орнының зейнеткерлерімен салтанатты шара өтті.

Жүзден астам аға буын өкілі мерекелік дастарханны ңбасына жиналды. Қазыналы қарияларға құттықтаулар мен алғыс айтылды.

Мейрам иелері еңбек жолдарын еске алып, тарихи сәттерімен бөлісті. Музыкалық үзіліс барысында ән шырқалып, би де биленді.

Университеттің студенттік филармониясының шығармашылық ұжымы дәстүрлі концерт ұсынды.