С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жетекші сарапшылары агроөнеркәсіп саласын дамытудың инновациялық ІТ-технологияларын талқылады.

Digital HUB аймақтық менеджері Олжар Рахимов ауыл шаруашылығында қолданылатын жетекші әзірлемелерін ұсынды.

Мәселен, ақылды фермалар таныстырылды. Арнайы датчиктердің көмегімен фермерлер жануарлардың физиологиялық жағдайын тексере алады.

Өсімдік шаруашылығы саласында топырақтың жағдайын, оның ылғалдығын және өз ге қасиеттерін тексеру жобалары таныстырылды.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы цифровизация көбінесе мал басын сәйкестендіруде қолданылады. Чиптеу жануарлар туралы жалпы мәліметтер береді. Жаңа технологияларды енгізу климаттың әсерін азайтып, нақты жер шаруашылығына көшуге сеп болады.

IT -технологияларды енгізу қажылық шығындарды азайту мен бизнес-жобалардың тиімділігін арттырады.