С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Ас болсын» челленджі басталды. Оқу орнының төрт проректоры №1 жатақхананың асханасында кешкі ас әзірледі.

Ас мәзірі бірнеше тағамнан тұрды: бешбармақ, картоп қосылған отта қуырылған қой етін. Ал шаруашылық жөніндегі проректор Ертарғын Шахман студенттері цитрустық десерт әзірледі.

Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры Нұрлан Ержанов көкөніс салаты мен сиыр еті қосылған макарон әзірледі. Ал даму статегиясы, тәрбие ісі және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор, саясаттану ғылымдарының докторы Арман Ақышев ұйғырша гампан, академиялық жұмыс жөніндегі проректор, техника ғылымдарының докторы Петр Быков студенттерге саңырауқұлақ қосылған тауық етінен дәм татқызды.

Келесі демалыс күндері бұл акцияны факультет декандары жалғастырады. А мәзірінің егжей-тегжейі әзірге құпия.