С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесінің бірінші отырысы Instagram әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде өтті. Осылайша, отырысты кез келген қолданушы тамашалай алды.

Жаңашылдық дауыс беру процедурасында да қолданылды. Дауыс беру Telegram қосымшасы арқылы жасырын түрде өтті.

Сонымен қатар, студенттік деканға кандидаттар университеттің студенттер үйінің бағасын төмендетуді ұсынды. Мәселе шұғыл түрде қарастырылып, тарифті 30%-ға төмендету туралы шешім қабылданды.

Отырыс барысында жиналған қауы атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы есепті тыңдады. Қалымдар Баянауыл ауданындағы Торайғыр ауылын абаттандыруға атсалысу, әскери жиындарды өткізуді «Баянтау» демалыс үйіне ауыстыру, сонымен қатар, университетте лифтті іске қосу, автотұрақтарды кеңейту турасында әңгіме қозғады.