«Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының Қазақстан Республикасындағы ұлттық филиалдың тілшілері С. Торайғыров атындағы ПМУ-де бірнеше күн бойы түсірілім өткізді.

Бұқаралық ақпарат құралының өкілдері университеттің агротехнологиялық факультетінің қызметіне қызығушылық танытты. Оның ішінде ІҚМ эмбриондарын трансплантациялаудың инновациялық әдісі бар. Бұл әдістің көмегімен бір сиырдан 70 ұрық алуға болады.

Рекордшы сиырдың эмбирондары суррогат аналықтарға салынады. Осылайша, генетикалық материалды сақтаумен қатар, сапалы төл алуға болады.

Аймақта факультет ғалымдарының әзірлемелері азық-түлік өнеркәсібі және арономия салаларында қолданыста. Олардың қатарында вируссыз картоп пен сүт сараптамасы бар.

Қонақтар факультет деканы а/ш.ғ.д. Тоқтар Бексейітовпен бірге «Победа» ЖШС-нің тәжірибе базасында болды.