С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттік деканға кандидаттары полицияға шағымданды.

Жастардың айтуынша, университет жанында Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында орналасқан жаяу жүргіншілер жолы тұрғындар үшін қауіпті. Қайғылы оқиғаның себепкері болуы мүмкін.

«Трамвай аялдамасы жағындағы жолды өтіп жатқан жүргінші бағдаршам мен күті таймерін көреді. Ал Velvet Burger жағында жол қозғалысын реттейтін бағдаршам жоқ», - дейді студенттер.

Кездесу қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары шағымды қарастыруға уәде берді.