География және туризм кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері кәсіби мерекелерін таза ауада атап өтті.

Олар табиғат аясында ептіліктері мен шеберліктерін паш етті. Жастар туристік түйіншіктерді алып, от жақты. Белсенді туризм түрлері бойынша техникалық және тактикалық білімдерін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.

Шараның барлық кезеңдерінен өткен бірінші курс студенттер, болашақ географтар мен туристер осылайша кафедраның толыққанды студенттері атанды.