С. Торайғыров атындағы ПМУ мұнай-химия саласының мамандары отандық мұнайдың алынуына 120 жыл толуына орайластырылған марапаттау рәсіміне қатысты. Шара Павлодар мұнай-хмия зауытында өтті.

Бұл күні мұнай-химия саласына арналған мамандарды даярлау ісіне үлес қосқан азаматтар «Қазақстан мұнайына 120 жыл» медалімен марапатталды. Олардың қатарында университеттің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры, т.ғ.к. Петр Быков, механика және мұнайгаз саласы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к, Ғайни Сейтенова, химия және химиялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Мәдениет Елубай, т.ғ.к. профессор Күлшат Жапарғазинова және химия және химиялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Валерий Кузьмин бар.