«Мың бала» республикалық мәдени-білім беру жобасы шеңберінде С. Торайғыров атындағы ПМУ колледжінде қазақ тілінде латын әліпбиінде жалпықазақстандық диктант өтті.

Қатысушылардың барлығы қазақ тілі бойынша білімдерін сарапқа салды.

Диктант қорытындысы бойынша колледж студенттерінің 42 %-ы диктантты «беске» жазды, ал 38 %-ы «жақсы» деген бағаға ие болды. Ал жазылған жұмыстардың 20 %-на «қанағаттанарлық» деген баға қойылды.