2019 жылдан бері С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде емтихан жұмыстарын шифрлеу арқылы бағалаудың жаңа әдістері енгізілді. Тексеріс жұмыстарын сыртқы сарапшылар жүргізеді. Шифрлеу QR-код арқылы жүзеге асырылады, осының арқасында емтихан тексеруші маман кімнің жұмысына баға беретінін білмейді.

Бұл технология ПМУ колледжіне түсу және PhD докторантурасына түсу емтихандары барысында сыналды.

Жаңа оқу жылынан бастап барлық жазба жұмыстары, оның ішінде рефераттар, семестрлік жұмсытар, эссе және дипломдық жұмыстар мен магистрлік жұмыстар Turnitin (АҚШ) бағдарламалық қамту арқылы плагиатқа тексеру енгізіледі.

Академиялық жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.к. Петр Быков және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ университінің бірінші проректоры, т.ғ.к. Сәуле Рахметуллинаның айтуынша, туыстас мамандықтар студенттерінің жазба жұмыстарын өзге оқу орындарының оқытушылары тексеріледі. Осылайша, білім деңгейі ашық бағаланады.

Университетте жұмыс берушілерді студенттердің білімін тексеру шараларына тарту жұмыстары жалғасын табуда.

Металлургия кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. профессор Мерхат Сүйіндіковтің айтуынша, емтихан жұмыстарын аутсорсингке беру бастамасы қоғам мен стейкхолдерлердің университетке деген сенімін арттыруға сеп болады.

Бұл шара университеттің «Саналы ұрпақ» фронт-кеңсесінің қызметі мен академиялық адалдық лигасына ену шеңберінде қолға алынды.