Бұл туралы студенттерге қызмет көрсету порталын таныстыру барысында айтылды.

С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттерге қызмет көрсету орталығының мамандары орталықтың порталын әзірлеп, Telegram-бот қолданушысын жасады. Жоба студенттерге қызметтерді белгілі бір мекемелерге бармай-ақ оңай алуға мүмкіндік береді.

«Бұл порталдың негізгі міндеті - мемлекеттік қызметтер мен студенттерге қызмет көрсету орталығына қатысты үрдістерді басқару, құқықбұзушылықтар мен сыбаслыс жемқорлық тәуекелдіктерін жою», - дейді облысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Аягөз Мүсәпірова.

Портал және Telegram-боттың көмегімен 10 қызмет түрін алуға болады. Олардың екеуі мемлекеттік: білім алу жөніндегі анықтама, жатақханаға орын беру, шақыру анықтамалары, транскриптерді беру және т.б.

С. Торайғыров атындағы ПМУ, «Саналы ұрпақ» фронт-офисі және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі аймақтық департаменті ұйымдастырған шараны колледждер мен ЖОО-ның студенттергі қызмет көрсету орталықтарының жетекшілері, мемлекеттік корпорация өкілдері пен облыстық білім беру басқармасының мамандары өткізді.