С. Торайғыров атындағы ПМУ инженерлік-сараптамалық орталығының мамандағы бүгіннен бастап электр энергиясын қашықтықтан беру жобасын жүзеге асыруға кірісті.

Жоба әуеде квадракоптерлерді қуаттандыруды көздейді. Бүгінде елімізде осыған ұқсас жоба жоқ.

Технология қоршаған орта мен адамның денсаулығына зиян келтірмейді.

Болашақта бұл технологияны заматтық қорғаныс және әскери салаларда пилотсыз ұшу аппараттарын қуаттандыруға қолдануға болады.