С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті профессорларының жоғары кәсібилігі шетелдегі сұраныстың болуымен дәлелденеді. Университеттің 34 профессоры Еуропада дәріс оқыды

Еуропалық одақтың «Еrasmus+» білім беру бағдарламасы шеңберінде оқытушылар 2015 жылдан бері Швеция, Испания, Польша, Чехия және Литва елдерінде курстар жүргізді.

Еуропалық білім беру үрдісі шеңберінде ПМУ оқытушылары экономика, тарих, биология, агрономия, педагогика, лингвистика және ақпараттық технологиялар бойынша салалық тақырыптарда тәжірибелерімен бөлісті.