С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті академиялық мықтылығын дәлелдеді. ЖОО 2019 жылы магистратураға түсушілердің саны бойынша Қазақстанда бесінші орынға ие болды.

ПМУ алдында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының оқу орындары бар.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Петр Быковтың айтуынша, ПМУ он жыл ішінде отандық білім беру жүйесіне көшбасшы орындарда келеді. Білім берудің жаңашыл әдістері мен оқу барысындағы технологиялар кәсіби мамандарды даярлауға сеп болуда.