ПМУ оқытушылары мен қызметкерлері бастаған экологиялық десант сыпырғыштары мен тырнауыштарын қолға алып, «Бірге – таза Қазақстан» акциясын қолдады.

Қатысушылардың міндеті жағалауды санитарлық тазалау ғана емес, сонымен қатар қоқысты пластик, макулатураға және т.б. түрлеріне бөлу болды.

Таза ауадағы жұмыс бірлікте және үйлесімділікте өтті.

Аумақты тазалауға барлық тілек білдірушілер және жай ғана өтіп бара жатқан тұрғындар қатысты. Осылайша барлығы «жасыл» көңіл-күйге бөленіп, қызу жұмыс жасалды, құрал-жабдықтар сол жерде берілді.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың айтуынша: «тазаланған жер таза емес, қоқыс тасталмаған жер таза».