Қазақстанның жас суретшілері бес күн бойы Баянауылда өткен пленэрге қатысты.

Қылқалам шеберлері көркем өлкенің тарихи-мәдени мұрасын шығармаларына арқау етті.

Табиғат аясындағы шығармашылық шеберханада суретшілер үшін шеберлік сағаттары мен қасиетті жерлер бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды.

Пленэр қорытындысы бойынша С. Торайғыров атындағы ПМУ аумағында заманауи вернисаж өтті. Суретшілер Баян жерінде туған этюдтерін Ertis-Arbat дәстүрлі алаңында ұсынды.