Шілде айының 24-28 күндері аралығында «Баянтау» спорттық-сауықтыру лагерінде жас суретшілердің республикалық пленэрі өтеді. Шара Жастар жылы аясында ұйымдастырылады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Атырау, Шымкент және өзге қалалардың қылқалам шеберлері бес күн бойы Баянауыл өлкесінде болып, сурет салады.

Қатысушылар үшін заманауи өнер, портрет техникасы бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, қасиетті жерлерде экскурсиялар өтеді.

Пленэрдің қорытындысы бойынша көрме ашылады.