Павлодар мемлекеттік университетінде түрлі кезеңдерге тиесілі автомобильдер мен байктердің көрмесі өтті. Шараны металлургия, машина жасау және көлік факультеті ұймыдастырды.

Темір тұлпарлардың иелері машиналардың қуатын іс жүзінде паш етті. Көрмеге келген қонақтардың қатарында «Гараж» мотоклубының мүшелері болды.

Harley- Davidson, Honda, BMW, Yamaha – мотоциклдердің осы және өзге модельдері көрмеге қойылып, жұртшылықтың қызығушылыға ие болды. Ал көліктер аудио және стереожүйемен жабдықталды. Бұл да жұртты елең еткізді. Сонымен қатар, дрифт-шоу ұйымдастырылды.

Көрмеде ретрокөліктерден бөлек, бүгінгі заманға темі тұлпарларды көруге болды.

Көрме университеттің бас корпусының алдындағы байкерлер шеруімен тәмамдалды.