Павлодар мемлекеттік университеттің қабырғасында «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешені» халықаралық жазғы мектебі аяқталды. Ауқымды шараға жетекші ресейлік университеттердің студенттері қатысты. Олардың қатарында Ресей халықтар достастығы университеті, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің өкілдері болды.

Студенттер мұнай-газ саласының технологиялық үрдістері, Қазақстан экономикасының құрылымы, отын-энергетикалық саланың маңызы және өзге тақырыптарды меңгерді.

Жастар Ертіс өңіріндегі кәсіпорындардың сарапшыларының шеберлік-сағатттарына қатысты.

Қонақтар «Баянтау» спорттық-сауықтыру лагерінде болып, Павлодар облысының қасиетті жерлерін аралады.