С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері мен магистранттары «KSP Steel» ЖШС қызметкерлерімен бірге Ертіс өзенінің бойымен қайықпен жүзіп өтті.

Бірнеше күннің ішінде қатысушылар 150 шақырымдық жолды еңсерді. Экспедиция Аққу ауылынан Павлодар қаласына дейін жол жүрді.

Топа бұрын-соңды болмаған маршрутпен жүрді. Өзеннің бойында талай кедергілер болды. Олардың айтуынша, су бойындағы экспедицияда тәжірибелері болса да, алдағы уақытта басқа да экспедицияларға шығуды көздеуде.