12 шілдеде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Ertis-Arbat дәстүрлі алаңда иттер көрмесі өтті.

Шараны агротехнология факультеті, зоотехнология, генетика және селекция кафедрасы ұйымдастырды.

Университет қызметкерлері мен студенттері төрт аятық достарын көрсетіп, келушілерге естелік фото жасауға да рұқсат берді. Түрлі тұқымдас иттер көрменің көркін асырды. Олардың қатарында алабай, чихуа-хуалар бар. Әр қатысушы алғыс хаттармен марапатталды.