С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бакалаврлары, магистранттары мен докторанттарына дипломдар табысталды.

Жас мамандарды декандар, кафедра меңгерушілері мен ата-аналар құттықтады. Құрметті қонақтардың қатарында әділет саласының аға кеңесшісі, облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов болды.

Айта кетерлігі, биылғы жылы университет қабырғасынан 2186 дипломды маман түлеп ұшты. Олардың 1976-сы - бакалавр, 292-сі - магистр және 18-сі докторанттар.

Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.