С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Ұлттық домбыра күні мерекелік концертпен аталып өтті.

Ertis-Arbat жобасының қонақжай алаңында жанды музыканы шынайы бағалаушылар жиналды.

Мерекелік көңіл-күйде қатысушылар «Япурай» аспаптық дуэтінің орындауында, домбырашы, Павлодар қ. Құрманғазы атындағы № 1 Балалар музыка мектебінің педагогы Берік Ишанқұловтың орындауында, сонымен қатар орындаушылық өнер кафедрасы студенттерінің вокалдық орындауында әртүрлі танымал композицияларды тыңдады.