«Ertis-Arbat» жобасы аясында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Үлкен әуе шарында» атты балалар суреттер байқауы өтті.

Шараны физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің өкілдері ұйымдатсырды.

Байқауға 3-16 жас аралығындағы балалар қатысты. Жас суретшілер ойларын қағазға түсіріп, шығармашылықтарын паш етті. Жеткіншектер болашақта көкте ұшатын аппараттарды да қағазға түсірді.

Конкурс қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік жұмыстарды таңдады. Жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етілді.