С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің колледжінде соңғы қоңырау шарасы өтті.

Жиналғандар алдында колледж директоры Байтас Табулдинов пен С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің академиялық жұмыс жөннідегі проректоры Петр Быков сөз алды. Түлектердің қуанышыны ортақтасып, құттықтау айтқандардың қатарында «КазТрансОйл» АҚ кадрлық қызметінің басшысы Юлия Дорофеева болды.

Ол кәсіпорынның жұмысы мен Павлодар мұнай құбыры басқармасында тәжірибеден өту мүмкіндігі туралы айтты.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.